Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау

30 July 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысымен азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің мүдделерін қорғау негізгі міндет болып анықталды. Сондықтан Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдары халық пен өңір үшін айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу мақсатында берілген Бағдарламалармен шараларды жүзеге асыруға кірісті: «Заң және Еңбек» - заңды еңбек қатынастары; - еңбекті реттеу ерекшеліктері; - қауіпсіздік пен еңбекті қорғау. «Заң және Кәсіпкер» - бизнес қоғамдастығымен байланыс; - бар мәселелерді шешу. «Ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану» - ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану; - пайдаланылмайтын жерлердің болмауы; - жерлердің пайдалы қасиеттері. «Заң мен Табиғат» - қоршаған ортаның қолайлы жағдайлары; - су, жер ресурстарын, жер қойнауын тиімді пайдалану; - жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау; - экологиялық мәселелерді шешу. Неге осы аталған 4 бағыт? Талдау жүргізу арқылы аталған салалардың ең осал және азаматтарға тікелей қатысы бар екенін анықтадық. Соңғы нәтижесі қандай және облыс тұрғындары оны сезіне ала ма? Бағдарламалардың негізгі мақсаты – азаматтар мен өңір үшін қолайлы жағдайлар жасау. Уәкілетті және жергілікті атқару органдарының есептері шаралар қолдануға нұсқайды, алайда халықпен байланыс және интернет-кеңістігі кері жағдай туралы куәландырады. Осылайша негізгі 4 әлеуметтік-экономикалық бағытты анықтай отыра, мемлекеттік аппараттың қызметін қалпына келтіру курсына қойдық. Үйлестіру және соңғы алушылармен тікелей байланыс арқылы азаматтар құқықтарының және өңір мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеміз. Барлық шаралар прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруға талаптарды есепке алумен және шаруашылық қызметіне араласусыз жоспарланған. Прокуратурамен өңір халқына қатысты нақты сұрақтар мен мәселелер шешілуге қойылғанын растаймыз. Олардың шешілу нәтижесі туралы Сіздерге ақпарат берілетін болады. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Comments

Add new comment