Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының прокуроры тағайындалды

08 May 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың бұйрығымен Сапаров Тыныбек Әнуарбекұлы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының прокурорына тағайындалды.
Т.Ә. Сапаров 1986 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Еремеевка с. туған.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2009 жылы Петропавл қ. прокурорының көмекшісінен бастаған.
Артынан Айыртау ауданы прокурорының көмекшісі, соттарда мемлекеттің мүддесін білдіру бойынша басқарманың прокуроры, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты қадағалау Басқармасының прокуроры лауазымдарын атқарған.
2016 жылдан бастап осы облыстың Тайынша ауданы прокурорының орынбасары.
Сыныптық шені-кіші әділет кеңесшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Comments

Add new comment