Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы есірткілерді сату сайтын блоктады

19 February 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасымен тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін бұзушылықтарды анықтау пәніне мобильдік қосымшаларға және әлеуметтік желілерге, интернет-ресурстарға мониторинг бойынша жұмыс жүргізілуде.
Заманауи даму үрдісі интернеттің есірткілерді үгіттеу және жарнама жасау үшін ең қажетті алаң болып табылатындығын көрсетті.
Прокурорлармен жүргізілген мониторинг барысында Big-24.cc сайты анықталған, оған Қазақстан Республикасының барлық аумағында пайдаланушылар еркін қол жеткізе алады.
Сайтта «жылдамдық», «спайс», «амфетамин», «бүрлер», «гаш», «мефедрон», «шегетін микстер» құралдарын сатып алу мүмкіндігі, сонымен бірге сайт Қазақстан Республикасының барлық аумағында әртүрлі тұтынушыларға магниттердің көмегі арқылы есірткі, психотроптық заттарды және олардың баламаларын «Bitcoin, Litecoin, Payeer, Qiwi» интернет-әмияндары арқылы төлеу ұсынылған.
Одан басқа Петропавл қаласының кейбір ғимараттарында аталған сайтқа сілтемені көрсетумен жарнамалар анықталған.
Аталған сайтты заңсыз деп тану және қызметін қысқарту мақсатында, сонымен бірге өнімді Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратуға тыйым салу үшін облыс прокуратурасымен Петропавл қаласының сотына арызға бастамашылық жасалды, а.ж. 7 ақпанда толық көлемде қанағаттандырылды.
Осындай ұқсас сайттарды анықтау бойынша жұмыс жалғасын таппақ, егер олар анықталған жағдайда, прокурорлық ықпал шаралары қолданады. Құқық қорғау органдары сайттарды құрған және жұмыс істеуіне жауапты тұлғаларды анықтауға және жауапкершілікке тартуға бағытталған.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Comments

Add new comment