Комитеттің ақпараттық жүйелері

08 November 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Комитеттің ақпараттық жүйелері - 393823475

Комитеттің ақпараттық жүйелері

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі консультативтік кеңесінің отырысында Комитеттің аумақтық басқармаларының басшылары Субъектілер мен объектілерді тексерудің бірыңғай тізілімі (СОТБТ), Электрондық қылмыстық іс жобаларын, сондай-ақ кәсіпкерлерге арналған «Qamqor» қосымшасының артықшылықтары туралы баяндады.
Осы жобалар «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғау, сот төрелігіне кедергісіз қол жеткізу және үдерістердің анықтығын қамтамасыз ету мақсатымен жүзеге асырылады.
СОТБТ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың анықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтады. Жүйені бақылау мен қадағалау міндеттерін жүзеге асыратын облыстың 56 мемлекеттік органы пайдаланады.
Комитеттің басқармасымен ағымдағы жылы тексеруді тағайындау туралы 5 мыңнан аса актілер тіркелді, оның ішінде 2,5 мың акті жеке кәсіпкерлер субъектілеріне қатысты тіркелді. 30 тексеру тіркеуден бас тартылды.
СОТБТ жүйесі арқасында 21 мың субъективті критерийлер және 18 мың тексеру парақтарының талаптары, бұзушылық ауыртпалығының дәрежесі автоматтандырылды. QR-кодпен (графикалық кілтпен) тексеру тағайындау туралы электронды акт құрылды, кәсіпкердің тексеруге іріктеу үдерісі автоматтандырылды, тәуекел дәрежесінің көрсеткіші есебінің формуласы салынды.
Осыдан кейін, тексеруші кабинетінен шықпай-ақ тексеруге рұқсат алады. Тексеруді тағайындау туралы актідегі мөрдің орнына QR-код қойылады. Осындай тәртіп тексеруді тіркеуден бас тартқанда да қойылады.
Тексерулерді негізсіз тағайындау фактілерін болдырмау үшін Комитет мобильдік гаджет платформасында «Qamqor» ақпараттық сервисті енгізді, ол кәсіпкердің құнды көмекшісі болды.
Аталған мобильдік қосымша 2017 жылдың наурыз айынан бері жұмыс істеп келеді және аталған кезеңде облыс бойынша 2 мыңнан аса кәсіпкерлер тіркелді.
«Элетронды қылмыстық іс» жобасын іске асыру барысында Солтүстік Қазақстан облысының тергеу және анықтау қызметкерлері үшін 74 жұмыс орны жинақталды және жұмысқа кірісті.
311 іс өндіріспен аяқталған, соның ішінде 233 іс – сотқа жіберілді және 78 іс – қылмыстық қудалау органдарымен ақтамайтын негіздер бойынша қысқартылды. Облыс соттары электронды форматта тергелетін 212 іс қарады, солар бойынша 90 айыптау үкімі шықты.
Осы жобаның артықшылығы: уақыт пен қаржының процестік үнемі, қылмыстық істің айқындығы, жалған тәуекелдерді азайту, онлайн режимінде қылмыстық іске қол жеткізу, өзекті құқықтық статистика, қылмыстық істердің жоғалуын болдырмау, сондай-ақ жүйелі ведомстволық бақылау және прокурорлық қадағалау.
Консультативтік кеңестің мүшелері прокуратура органдарының процестерді автоматтандыру саласындағы жұмысқа оң баға берді және аталған бағытта ақпараттық – насихаттық жұмысты жандандыруға ұсыныс білдірді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Комитеттің ақпараттық жүйелері - 1993326871
Комитеттің ақпараттық жүйелері - 133998109

Comments

Add new comment